• t7000qwe

Баспа құрылымы

  • әкімшілік;

  • редакторлық бөлім;

  • өндірістік-техникалық бөлім;

  • қаржы бөлімі;

  • авторлар мектебі«Арман-ПВ» баспасында негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендерін, оқу әдебиеттерін жазуда авторларға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету болып табылатын Авторлар мектебі құрылған.

Авторлар ұжымы үздік әдіскер-педагогтер, тәжірибелі ұстаздар мен елімізге танымал ғалымдардан тұрады.Атап айтатын болсақ:  «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясының авторы шығарған, педагогика ғылымдарының докторы, профессор – Кобдикова Ж.У., география ғылымдарының докторы,  Н.Гумилев атындағы ЕҰУ- ң профессоры – Мазбаев О.Б,  ҚазМҚПУ профессоры, филология ғылымдарының докторы – Ермекова Т.Н., ҚазМҚПУ профессоры, филология ғылымдарының докторы – Зайкенова Р.З., Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы – Исмагулова Б.Х., « Қайнар» университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор – Саметова Ф. Т. және физико-математика ғылымдарының кандидаты, ҚазМҚПУ кафедра меңгерушісі – СалгараеваГ.И.

Авторлар мектебінің негізгі жұмыс бағыттары:

  • Ғылыми-әдістемелік жұмыс (оқулық жазудың теориясы мен әдіснамалық саласы бойынша білімді тереңдету, ғылыми-практикалық конференция, семинарларға қатысу және т.б.).

  • Білім беру ісі (авторлардың оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу әдебиеттерін жазуға қатысуы, білімін жетілдіруі).

  • Баспа ісі (оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу және әдістемелік әдебиеттер шығару үрдісіне қатысу).

Авторлар мектебі Білім Басқармаларымен, әдістемелік кабинеттермен, басқа да білім беру ұйымдарымен, білім жетілдіру институттарымен тығыз жұмыс жасайды.  Баспа әдіскерлері оқулық авторларымен, «Өрлеу» ҰБЖО АҚ облыстық филиалдарымен, әдістемелік кабинеттермен бірлесе отырып,  аймақтарда авторлық курстар, практикалық семинарлар өткізеді. Қашықтықтан республика мектептерінің мұғалімдері үшін жедел әдістемелік көмек көрсету де қарастырылған.


Просмотров: 53

© 2020 «Арман-ПВ баспасы». Тел.: +7 (727) 316 06 30 / Факс: +7 (727) 316 06 31 / info@arman-pv.kz